1 қыркүйектен бастап еліміздің барлық өңірінде "Әлеуметтік әмиян" шеңберінде оқушыларды тегін және жеңілдікпен тамақтандыру бойынша жобаны кеңінен тарату басталады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл жоба пилоттық режимде 2023 жылдың соңынан бері елімізде азаматтардың кейбір санаттарын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, мектептерде тегін және жеңілдікпен тамақтандыру сияқты қызметтерді іске асырып келе жатыр.
"Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша 43 ұйым қосылды, 30 мың рецепт іске асырылды; мектептерде тегін және жеңілдікпен тамақтандыруға 93 ұйымға 27 мың түскі ас таратылды", - деп жазылған хабарламада.
"Әлеуметтік әмиян" EGOV қосымшасында мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау құралдары мен шараларын жинақтау арқылы азаматтарға мемлекеттік қолдау шараларын алуды жеңілдету үшін жасалған. Бұл жоба арқылы мемлекеттік көмек алу және оның жүргізілу тарихын қадағалау ыңғайлы. Ваучерлер жекелендірілген түрде жазылады, бұл кез келген заңсыз тіркеулердің мүмкіндігін шектейді. Жыл соңына дейін бұл өнім еліміздің барлық азаматына ыстық тамақ пен дәрі-дәрмек бойынша қолжетімді болады деп жоспарланып отыр", - деді BTS Digital ЖШС бас директоры Нұртай Әбілғалиев.
Бұдан басқа, "Әлеуметтік әмиян" шеңберінде ақшалай қаражатты монетизациялау, мүгедектігі бар адамдар үшін техникалық оңалту құралдарын сатып алу; халықтың әлеуметтік осал топтарына ӘМАТ тізбесінен азық-түлік сатып алуда атаулы көмек көрсету; әлеуметтік осал санаттағы тұтынушылар үшін тауарлы газға ваучерлер мен ЖЖМ бағасының өсуін өтеу үшін ваучерлер ұсыну бойынша пилоттық жобаны іске қосу қосымша пысықталып жатыр.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз