- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Кімдер Қазақстан президентігіне...
Кімдер Қазақстан президентігіне үміткер бола алады?
Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров заң бойынша Қазақстан Президенттігіне кімдер үміткер бола атанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Кандидатқа қойылатын негізгі талаптар мынадай:
- тууы бойынша азаматтығы;
- кейінгі 15 жылда Қазақстанда тұруы;
- жоғары білім;
- 40 жастан жоғары;
- белсенді сайлау құқығына ие болу;
- мемлекеттік қызметтегі немесе сайланбалы лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі 5 жылдан кем болмауы тиіс;
- мемлекеттік тілді еркін меңгеруі тиіс.
"Президенттікке кандидаттарды қолдау облыстар, республикалық маңызы бар қалалардың және Астананың кем дегенде 2/3 атынан теңдей өкілдік ететін сайлаушылар санының кем дегенде 1 пайызының қолын жинаумен куәландыруы тиіс. Қол қою парақтарын беру кандидаттың Конституция мен Конституциялық заңның талаптарына сәйкестігін анықтағаннан кейін 5 күннің ішінде жүргізіледі", - дейді Петров.
Ол бүгінде сайлау жарнасының мөлшері 3 миллион теңге екенін түсіндірді. Сайлау жарнасы кандидатқа, егер ол лауазымға сайланса не дауыс беруге қатысқандардың барлығынан кемінде 5 пайыз алса, қайтарылады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина