Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин 2026 жылдан бастап жеңілдетілген декларация бойынша арнайы салық режимінде жұмыс істеуге тыйым салынатын немесе рұқсат етілетін қызмет түрлерінің тізімі қашан жарияланатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, құжат ертең, яғни 26 қыркүйекте жариялануы мүмкін.
"Жұмада legalacts.egov.kz-ке жариялауға тырысамыз. Ресми баспасөз релизі болады. "Ашық НҚА"-да кез келген адам өз пікірін, ұсынысын жаза алады. Бұдан бөлек Ұлттық экономика министрлігінің сайтында жарияланады. Ертең немесе келесі аптаның басында жарияланады", - деді ол Сенат дәлізінде.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз