- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- дін және шариғат
ҚМДБ: Рамазан айының басталуына 30 күн қалды

Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы қасиетті Рамазан айының басталуына 30 күн қалуына орай дәстүрлі күн сайынғы хабарлама таратуды бастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Міне, көзді ашып-жұмғанша тағы бір Рамазан айы да жақындап қалды. Алла Тағала бұл Рамазанға бәрімізді де аман жеткізіп, бір ай оразаны ықыласпен, есендікпен ұстап шығуды нәсіп еткей. Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілейміз", - делінген ҚМДБ хабарламасында.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Діни басқарма Рамазан айы басталмай тұрып, өткен жылдағы қаза болған ораза күндерін толықтырып қойған абзал екенін ескертеді.
Еске салайық, ҚМДБ бекіткен 2025 жылғы діни күндер кестесіне сәйкес, биыл Рамазан айының алғашқы күні көктемнің бірінші күніне, яғни 1 наурызға сәйкес келеді. Кесте бойынша, биыл ораза 29 күнге созылады. Ал Қадір түні - наурыздың 26-сынан 27-сіне қараған түн.
Дегенмен жаңа айдың көрінуіне байланысты бұл күндер бір күн алға не бір күн кейін шегерілуі мүмкін екенін ұмытпау керек.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
А. Жапатова