• 499.31
  • 490.7
  • 5.62

ҚМДБ Құран сүресін рэп етіп оқыған блогердің әрекетіне баға берді

ҚМДБ Құран сүресін рэп етіп оқыған блогердің әрекетіне баға берді
Фото: Massaget.kz коллажы/әлеуметтік желі

Әлеуметтік желіде танымал блогердің Құран сүресін рэп етіп оқыған әрекеті қызу талқыға түскен еді. ҚМДБ осы жайтқа қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Отандық блогердің Құран аяттарын, нақты айтқанда "Мағун" сүресін әлдебір мерекелік кеште оқыған видеосы жарияланды. Контентті ұсынушылар "Блогер мас күйінде Құранды рэп қылып оқып, жұртты шошытты" деп жазды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мұндай шектен шыққан әрекеттерге алаңдаушылық білдіреді және олардың ісін қатаң айыптайды, сонымен қатар азаматтарды бүлікшілердің арандатуына алданып қалмауға үндейді", - деп жазылған хабарламада.

ҚМДБ Құран Кәрімді келемеждеу, оны мазаққа айналдыруды қасиетті кітапқа құрметсіздік деп есептейтіндерін мәлімдеді.

"Бұл жерде Құран Кәрім де, оған қатысты әдептер де аяқасты етілген. Құран Кәрім - АллаТағаланың сөзі, адамзатқа жіберілген ұлы мұғжизасы әрі мұсылман үмбеті үшін қасиетті кітап. Сондықтан Құранды дәретпен, ықыласпен, қырағатпен оқу керек", - деп жазылған хабарламада.

Блогердің әрекеті туралы

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде танымал блогердің тойда Құран аяттарын оқығаны қызу талқыға түскен еді.

@nurzhfmqyya

♬ оригинальный звук - АККАУНТ САТЫЛАДЫ

Желіде тараған видеода қазақша рэп оқып жатқан Айшолпан есімді блогердің қолындағы микрофонға талас басталып, кейін микрофонды Жұлдыз Жауынбаева есімді блогер алып, "мен де өнерімді көрсеткім келеді" деп Құран аяттарын оқиды. Жұрт блогердің бұл пікірін сынға алып, түрлі әңгіме тараған еді. 

Жұлдыз Жауынбаева - Juzzefina лақап атымен танымал қазақстандық блогер және кәсіпкер.

Кейінірек ол елден кешірім сұрады.

"Ешқандай алкогольді сусындар болған жоқ. Ол кеште отырған қыздардың 70%-ы оранған. Өнерлеріңізді көрсетіңіздер деген байқау болды. Біреулер рэп оқыса, біреулер опера айтты. Намаздағы кісілер мені түсінеді, мен мақтанғым келді. Мен Құранды білетін едім дедім де, сондай ниетпен айттым. Ол жерде ешқандай музыка, рэп, бит жоқ. Барша мұсылман халқынан басымды иіп кешірім сұрағым келіп тұр. Негізі басты ниетім жаман болған жоқ. Мен Құранды білетініме мақтанғым келді", - дейді блогер.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова