ҚМА Қытай азаматына халықаралық іздеу жариялады

ҚМА Қытай азаматына халықаралық іздеу жариялады
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Қаржы мониторингі агенттігі Қытай азаматына іздеу жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ведомство Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінде Тянь Баоюаньға қатысты іздестіру ісі  барын мәлімдеді. 

Ол Қылмыстық кодекстің 214-бабы 2-бөлігінің 2-тармағын (Аса ірі мөлшерде табыс табумен ұштасқан заңсыз кәсіпкерлік, заңсыз банктік, микроқаржылық немесе коллекторлық қызмет) бұзды деген күдікке ілінді.

qamqor.gov.kz

Бұл баптың санкциясы бойынша 5000 АЕК-ке дейін айыппұл (2024 жылғы есеп бойынша 18 миллион теңгеден асады) не сол мөлшерде түзеу жұмыстары не 1200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не мүлкі тәркіленіп, сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделеді.

"Бұл адамға халықаралық іздеу жарияланды, оған қатысты қамауда ұстау бұлтартпау шарасы таңдалды", - деп жазылған ҚМА баспасөз қызметінің жауабында.

Еске салайық, бұған дейін іздеуде жүрген әйел грек аралында ұсталғаны хабарланды. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова