Қаржы мониторингі агенттігі журналист Михаил Козачковтың ісі бойынша тергеу тобының процессуалдық әрекеттерінің заңдылығы мен негізділігіне қатысты жағдайға түсініктеме берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, журналистің пәтерінде тінту ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 254-бабының талаптары бойынша жүргізілген.
"Оны жүргізудің негізділігі мен қажеттілігін тергеу соты тексеріп, қорытындысы бойынша санкция берілді. Бұл тергеу әрекеті пәтер иесінің тікелей пәтерде болған кезде, куәгерлермен жүргізілді. Тінту барысы бейнекамераға түсірілді. Өтініш қорғаушылардың қатысу қажеттілігі айтылмаған", - деді ҚМА өкілдері Tengrinews.kz тілшісіне берген жауабында.
Еске салайық, танымал журналист Михаил Козачков 18 желтоқсанда ұсталған болатын. Бұл ақпаратты Қаржылық мониторинг агенттігі растады. Ол Коспаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобына рейдерлік басып алулар жасауға көмектескен деген күдікке ілінген.
Бұл іске қатысты Тоқаевтың баспасөз хатшысы Руслан Желдібай да пікір білдірген болатын. Ол бұл іс Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тек құқық шеңберінде қаралуға тиіс екенін атап өтті.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!