ҚМА Qnet қаржы пирамидасын құрып, оны басқарды деген адамға іздеу салды (фото)

ҚМА Qnet қаржы пирамидасын құрып, оны басқарды деген адамға іздеу салды (фото)
Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

ҚМА Qnet қаржы пирамидасын құрып, оны басқарды деген адамға іздеу салды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментімен 2019-2022 жылдары Қызылорда қаласы мен Қызылорда облысының аумағында Qnet қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша 1990 жылы туған Қазақстан Республикасының азаматы Жұбанаев Алмас Оразалыұлы іздеуге жарияланады.


Фото: ҚМА

Бұлтартпау шарасы "Қамауда ұстау", іздеу түрі – "Халықаралық". 

Алмас Жұбанаев заңсыз қызметін жүзеге асыру барысында "Instagram" әлеуметтік желісін пайдалану арқылы Алматы, Шымкент және Қызылорда қалаларынан адамдарды тартып, тренингтер және үгіт-насихат жұмыстарын жүргізген.

Жәбірленушілердің жалпы саны 59 адам, келтірілген залал сомасы - 63 373 356 теңге.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Сатыбалдина