Кейінгі кезде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты есімі жиі аталып жүрген әнші Ғабит Бибасыұлына араша түскен "Меломен" тобының тағы бір әншісі Қайрат Мырзаханов әлеуметтік желіде сынға қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әнші әлеуметтік желіде жазба жариялаған. Артынша бұл жазба өшірілген.
"...Ғабитке мүлдем тиран деуге келмейді. Кім таяқ жемей жатыр?" - дейді ол жазбада.
Танымал коуч Роза Әшірбаева өнер иесінің бұл сөзін сынға алған.
"Біздің елдің ер азаматтары өздеріне ыңғайлы "жарқын жақта" өмір сүреді. Олар жаңалық оқымайды, ресми мемлекеттік ақпараттарды менсінбейді. Олардың "жарқын әлемінде" ажырасудың себебі: қызғаныш, ашық киіну және еркектің ақша аз табуы екен... "Кім таяқ жемей жатыр" деп елдің алдында жүрген абыройлы әнші, "жарқын жақта" өмір сүретін ер азаматтар осы есепті түсіне ме екен?" - деді коуч.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!