- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Кім көрінген келетін...
"Кім көрінген келетін болды". Мәслихат депутаты Астанаға блок-бекет орнатуды талап етті
"Астанаға кім көрінген келетін болды". Осылай деген мәслихат депутаты елорданың кіреберісіне блок-бекет орнатуды талап етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Аймақтардан Астанаға ағылған көш Азамат Айтқожиннің шымбайына батып жүр екен. Ал блок-бекет сол миграцияны реттеудің жолы дейді депутат.
"Кім көрінген келеді. "Маған пәтер керек", "маған анау керек, мынау керек". Блок-бекет қойыңдар, бітті! Бәрі Астанаға ағылады, Астана созыла беретін резеңке емес қой", - дейді Астана мәслихатының депутаты Азамат Айтқожин.
Астанаға көшті тыю мәселесі осылай ауық-ауық көтеріліп жүр. Небір мәлімдеме көбейген соң, бірнеше ай бұрын ғана қала әкімі еліміздің бас қаласына кез келген қазақстандық тұрақты тұруға келе алады деп мәселеге нүкте қойғандай болған. Дегенмен бұл тақырып қайта қозғалып отыр. Мәслихат депутатының тағы дау тудырған ұсынысына бұл жолы көші-қон комитетінің төрағасы жауап берді. Еңбек мигранттарына келер болса, жергілікті әкімдіктерге еңбек нарығындағы жағдайды ескере отырып жұмысшы тартуға квота берілген дейді Асқарбек Ертаев. Ал урбанизацияны, депутат айтқандай, блок-бекетпен тежеу мүмкін емес.
"Блок-бекеттерге келетін болсақ, бұл мәселе ішкі істер министрлігінің құзыретіне жатады. Ал жалпы мигранттар Астанаға квотамен келеді. Оны әкімдік белгілейді. Қандай да бір бақылаусыз, көші-қон ағыны бар деген мәселе жоқ, Астанаға келетін барлық еңбек мигранты квота бойынша реттеледі", - дейді ҚР Көші-қон комитетінің төрағасы Асқарбек Ертаев.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина