- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Кім не десе,...
"Кім не десе, о десін". Танымал композитор 46 жасында тұрмысқа шықты
Танымал композитор, журналист Ғалия Шаудырбаева 46 жасында тұрмысқа шықты. Бұл жаңалықты ол Instagram-парақшасында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның сөзінше, алғаш танысқан кезде болашақ жарының нөмірін "Менің күйеуім" деп сақтаған.
"Кеше - мен гүлге оранған күн. Бақытты болу ешқашан кеш емес. "Маған ешкім қарамайды, мені ешкім алмайды, жігіт жоқ, қыз жоқ" демей, жүректеріңізді тыңдаңыздар. Аллаһ тағала сізді жұбыңызбен жаратқан.
"Күйеуіңізбен қалай таныстыңыз" деген сұраққа жауап берейін. Сермұханның суретін көргенде-ақ менің жүрегім сезді. Телефон номерімді сұрап хабарласты. Сөйлестік. Номерін "Менің күйеуім" деп сақтадым. Қыз-жігіттерге лайфхак болсын.
Бұл - өмір ғой. Кеше тойда маған тілектес игі жақсыларым, туыс-туған, дос-жараным жиналды.
Мен - Еділмін, Жайықпын,
Таға алады айып кім?
Кім не десе, о десін,
Мен бақытқа лайықпын.Бойдақ қыз-жігіттерге эстафета кетті, бір бастарың екеу болсын
"54 жасында бақытын тапты" депті. Енді сол видео тарап кете ме)? 46 жасымда 46 жастағы өз бақытымды таптым, шүкір", - деп жазды ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Желі қолданушылары оның қуанышына ортақтасқан:
Алтын қыз, бақытың баянды болсын! Сермұханың нағыз жігіт, нағыз азамат деп сеземін.
Сіңлім, сенің гүлге оранған күнің құтты болсын!
Жаным сол, әр қыз бақытты болуға лайық, әрине.
Ғалиюш, бақытыңыз баянды болсын! Жайнап, жадырап жүріңіздер!
Оң босағада отырған қыздарға жұғысты болсын дейік, ештеңеге қарамастан бақытты болсын, барлық қаракөз!
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова