- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Кім не айтпай...
"Кім не айтпай жатыр?" Гүлзира Айдарбекова Болат Назарбаевтың тоқалының мәлімдемесіне пікір білдірді
Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова Динара Әлжанның Қайрат Нұртасқа көмектескенін айтқан мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Продюсердің оқырмандарының бірі одан Болат Назарбаевтың тоқалы Қайратқа көмектескені қаншалық шын екенін сұраған.
"Болаттың тоқалының балаңыз туралы айтқанына қандай пікір айтасыз? Казинода көмектескені рас па, былайша" - деп сұраған оқырмандарының бірі.
Гүлзира Айдарбекованың сөзінше, мұның бәрі - хайп. Ал Қайраттың өмірін әлеуметтік желіден де бақылауға болады.
"Кім не айтпай жатыр? Қайратты айтса, күшті хайп болатынын басқа былай тұрсын, өзіңнен де байқап тұрған боларсың. Ондай өсекші хайп іздеген журналистерге уақытым жоқ, өсегіне ақталып отыратын. Шымшылап отыр ғой, "бізді қарсы шықса, шулатса, біздің YouTube-тің қаралымы көтеріледі" деп. Ол ойындарына тойғанмын. Білген өсектерін айта берсін. Қайрат казинода отырса, күніге концерт беріп, тойға шығып жүрген двойнигі ме екен. Не істеп жүргенін күніге Insta-сынан көріп отырсыңдар ғой", - деп жауап берген Гүлзира Айдарбекова.
Айта кетейік, бұған дейін Болат Назарбаевтың бұрынғы тоқалы Динара Әлжан Нұрсейіт Жылқышыбайға берген сұхбатында казинода Қайрат Нұртасқа көмектескенін жеткізген еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова