Кім ауыр? GGG мен Канело салмақ өлшеу рәсімінен өтті

Қазақстандық Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) мен Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) Лас-Вегастағы трилогия алдында ресми салмақ өлшеу рәсімінен өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.


© Тұрар Қазанғапов/Tengrinews.kz

Екінші орташа салмақтың шегі - 168 фунт (76,2 келі). Таразыда қазақстандық 167,8 фунт, ал Мексикадан келген қарсыласы 167,4 фунт көрсетті.


© Facebook/Gennadiy Golovkin

Головкин мен Альварес дивизиондағы абсолют әлем чемпионы атағын: боксшылар IBF, WBA Super, WBO және WBC титулдарын сарапқа салады.


© Facebook/Gennadiy Golovkin

Бәсекелестердің үшінші айқасы тағы да T-Mobile аренасында өтеді. Қазақстандық уақыт бойынша жекпе-жек 18 қыркүйекте, жексенбіде таңертең өтеді және Qazaqstan және Qazsport телеарналарының тікелей эфирінде көрсетіледі.


© Facebook/Gennadiy Golovkin 

Бокс кешінде тағы бір қазақстандық жұдырықтасады - Әли Ахмедов (18-1, 14 КО) және Габриэль Росадо (26-15-1, 15 КО) салмақ өлшеуден өтті. Қазақстандық салмақ өлшеу кезінде 167,8 фунт, ал америкалық қарсыласы - 167,6 фунт көрсетті.


© Тұрар Қазанғапов/Tengrinews.kz


© Тұрар Қазанғапов/Tengrinews.kz

Бұл жекпе-жекте екінші орта салмақтағы екі белбеу - WBC Silver және "Солтүстік Америка" IBF чемпионы белбеуі сарапқа салынады.

Головкиннің Канеломен трилогияға дейін берген үлкен сұхбатын оқыңыз.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!