Орал қаласының тұрғынының автокөлігі ұрланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Автокөлік иесі кілтті көліктің ішінде қалдырып кеткен. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеді.
ІІМ жедел-криминалистикалық департаментінің қызметкерлері заманауи цифрлық криминалистиканың мүмкіндіктерін пайдалана отырып, қылмыс жасаған күдіктінің жеке басын анықтады.
Тергеушілер кінәлі адамның іс-әрекетіне құқықтық баға беріп, оны қылмыстық іс бойынша күдікті деп таныды.
Көлік заңды иесіне қайтарылды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!