Тұрғын үйдің кіреберісінде кілтті жоғалтып алғаны үшін әйелімен жанжалдасқан ер адам ұсталды. Павлодардың әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған соты 28 жастағы тұрғынға қатысты әкімшілік істі қарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сотта ер адам әйелімен кикілжің пәтер кілтін жоғалтқандықтан туындағанын айтты.
"Жанжал кезінде ол қатты айғайлап, әдепсіз сөздер айтып, оның бетінен ұрып-соққан. Ол өзінің әрекетінін, боқтағанын және жанжал шығарғанын қызуқандылыққа салынғанымен түсіндірді", - делінген соттың қаулысында.
Павлодарлық сотта күйеуімен татуласқанын, оған ешқандай талабы жоқ екенін айтты. Әйел сот-медициналық сараптамадан өтуден де бас тартқан.
Соттың мәліметінше, ер адам осыған дейін тыныштықты бұзғаны үшін төрт рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Сот асырауында кәмелетке толмаған баланың болуын жеңілдететін мән-жай деп таныды.
"Б.-ның айыбы оның кінәсін мойындауымен, оның әйелі, полиция инспекторының айғақтарымен және бейнежазбамен дәлелденді, сот оны кінәлі деп танып, бес тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарды", - делінген Павлодар қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған соты таратқан хабарламада.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!