- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Клиентімнің құпиясы". Бишімбаевтың...
"Клиентімнің құпиясы". Бишімбаевтың адвокаты Ғазымжанов қызметі үшін қанша алғанын айтты
Қоғамда резонанс тудырған Бишімбаев ісінде қылмыскердің адвокаты болған Ерлан Ғазымжанов "Ертісбаев Live" Youtube-арнасына берген сұхбатында қызметі үшін қанша қаражат алғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол бұл ақпарат адвокаттың құпиясы екенін алға тартты.
"Біріншіден, мен қызметім үшін Бишімбаевтан қанша қаражат алғанымды айта алатын едім, иә, бірақ бұл менің ғана емес, клиентімнің де құпиясы. Сондықтан менімен келісім жасаған адам, менің бұл сандарды жариялағанымды қаламайтыны сөзсіз. Бұл адвокаттың құпиясы. Сондықтан мен мұнда адвокаттың құпиясымен байланып тұрмын, мен оны жария ете алмаймын", - деді ол.
Тағы да оқи отырыңыздар: Қазақ халқында өлімнің неше түрі бар?
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә