Қытайдың Хэбэй провинциясында қызықты оқиға орын алды. Құрылыс компаниясының жұмысшылары клиентке таласып, бульдозер арқылы бір-бірімен шайқасты, - деп хабарлайды CCTV.
Оқиға 17 сәуір күні Синтан уездінде болған. Шайқастың салдарынан бірнеше адам жарақаттанып, кемінде екі көлік аударылып қалды.
Басылымның мәліметінше, жанжалға бәсекелес екі құрылыс компаниясының жұмысшыларының бір клиентке таласуы себеп болған. Қазір осы дерек бойынша құқық қорғау органдарының қызметкерлері тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
Дереккөз: tengrinews