Әнші Мақпал Жүнісова марқұм жұбайы Заманбек Нұрқаділовтің архивтегі видеоларын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесінің айтуынша, видео Заманбек Нұрқаділовтің сыныптастарымен кездесуінде түсірілген.
"40 жылдық. Мектеп бітіргендеріне 40 жыл. Зәкеңнің класстастарымен кездесу", - дейді Мақпал Жүнісова.
Желі қолданушылары түрлі пікір жазған.
"Ой дүние-ай десеңізші. Жаны жәннатта болсын", "Мықты еді ғой, Зәкең, дерзкий ешкімге бас имейтін, әділ еді", "Халыққа өте керек адам еді, әттең", "Алды жарық болсын, енді қалған өмірін өздеріңізге берсін", "Қайран кундер кешегі, сайран кундер кешегі!Қайран асыл ағам-ай жаныңыз жәнатта болсын!", "Әттең, қайран нар тұлғалы мықты азамат кісі еді. Қазақстанда ағай сияқты тік айтатын, қорықпайтын азаматтар азайып бара жатыр. Қазақтың маңдайына біткен арыс азамат мәңгілік мекеніңізде де тілекші болып жатырсыз -ау", - деп жазған олар.
Еске салайық, бұған дейін Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовпен қалай танысқанын айтқан еді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!