Елде ҚҚС бойынша жеңілдіктер жойылғаннан кейін жылжымайтын мүлік қаншалық қымбаттайды? Тұрғын үй нарығын қандай өзгеріс күтіп тұр? Бұл сұрақтарға Krisha.kz сарапшылары жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Елде тұрғын үйді сату кезінде ҚҚС төлеу бойынша жеңілдікті алып тастауды көздейтін жаңа Салық кодексінің жобасы әзірленді.
ҚҚС - қосымша құн салығы. Қарапайым тілмен айтсақ, бұл мемлекетке төленетін салық, ол тауарлар мен қызметтердің бағасына қосылады. Бүгінде Қазақстанда ҚҚС 12 пайыз.
Қазақстан құрылысшылар қауымдастығының президенті Виктор Микрюковтың айтуынша, қолданыстағы тұрғын үйді жайлылық класына қарай жіктесек, эконом, комфорт, бизнес, элиталы класс бар. Әдетте 7-11 пайыздық ең төменгі маржиналдық пайда эконом және комфорт класты тұрғын үйлерден түседі. Қосымша салық енгізілген жағдайда бұл минималды пайда да жоғалады.
"Әрине, бағалар бірден 12 пайызға өспейді. Құрылысшы компанияда орташа есеппен 9-10 пайыз көлемінде есепке алынатын ҚҚС үлесі бар. Бұл сома объектіде ҚҚС төлеуші-компаниялардың қанша жұмыс істегеніне байланысты. Сондықтан тұрғын үй құнына қосымша 12 пайыз емес, 9-10 пайыз көлемінде ҚҚС қосылады. Егер ҚҚС төлеуші компания саны көп болса, қосылатын сома 7 пайыз болуы да мүмкін", - деді ол.
Ал ҚР Құрылысшылар одағының Астана филиалының директоры Вячеслав Лазарев мұндай жағдайда құрылыс компаниясы не құрылыс салуды тоқтататынын, не бағаны көтеретінін айтады. Өйткені басқа жолды таңдаса, өзіндік құн өтелмейді.
"Кейбір құрылыс салушылар жобаны аяқтау үшін пайда түспейтін құрылыс жұмыстарын жалғастырады. Бірақ болашақта мұндай компаниялар құрылыс жұмыстарын бастамайды, себебі жобаның шығыны көп, компаниялар пайда табудан қалады. Бұл кез келген тұрғын үй сегментіне, әсіресе жаппай құрылысқа қатысты. Бүгінде мұндай құрылыстардың рентабельділігі 10-15 пайыз деңгейінде ғана. Егер оған тағы 12 пайыз қосылса, онда құрылыс компанияны шығынға әкеледі, не пайдасыз болады, ал бұл құрылыс салушыларға тиімсіз", - деп түсіндірді ол.
Сарапшылар бірнеше осал тұстарын атады:
Жеңілдік ресми түрде жойылған жоқ. Қазір Салық кодексінің жобасы Мәжілісте қаралып жатыр. Бұл құжаттың соңғы нұсқасы емес және қабылданғанға дейін қосымша келісу рәсімдерінен, сондай-ақ Парламентте талқылаудан өтеді.
Сонымен қатар құрылысшы компаниялар үшін өтпелі кезең жоспарланған. ҚҚС-тан босатылатын нысандар:
Басқа барлық жағдайда құрылыс салушылар ҚҚС төлеуге міндеттеледі.
Кодексті 2025 жылғы шілдеде қабылдап, 2026 жылғы қаңтардан бастап күшіне енгізу жоспарланып отыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!