• 502.15
  • 490.7
  • 5.71

ҚҚС мөлшерінің өсуі қымбатшылыққа қалай әсер етеді?

ҚҚС мөлшерінің өсуі қымбатшылыққа қалай әсер етеді?
Фото: depositphotos.com

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин қосымша құн салығы (ҚҚС) мөлшерінің өсуі Қазақстандағы бағаға қалай әсер ететінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жұманғариннің сөзінше, үкімет ҚҚС-ның жаңа мөлшерін әлі шешкен жоқ. Десе де, оның өсуі елдегі қымбатшылыққа сөзсіз әсер етеді. 

"Әрине, сөзсіз әсер етеді. Әр салада әсер әртүрлі болады. Біз мөлшерлеменің көтерілуі бизнеске түсетін орташа жүктемені небәрі 4 пайызға көбейтетінін есептедік. Дегенмен түпкі тұтынушы бағаның қымбаттағанын сезінетіні анық", - деді ол.

Сондай-ақ ол инфляцияның болжамды өсу деңгейін атады. 

"Біздің есептеуіміз бойынша инфляция деңгейі шамамен 4,5 пайызға дейін өсуі мүмкін. Бұл өсім қосымша қаржы ресурстарын, ең алдымен экономиканың нақты секторын дамытуға бағыттау арқылы өтелуге тиіс", - деп жауап берді Жұманғарин. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Д. Литпин