Премьер-Министрдің орынбасары, Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин салық түсімдерінің өсуіне байланысты қосымша инфляция үш пайызға дейін көтеріледі деп күтілетінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрлігінің басшысы салық түсімдерінің өсімі жыл сайын 4-5 трлн теңгені құрайтынын мәлімдеді.
"Бұл қаражат Ұлттық қорға тәуелділікті азайтуға; мемлекеттік қарыз деңгейін төмендетуге; қосымша ресурстарды инфрақұрылымды, агроөнеркәсіп кешенін, өңдеу өнеркәсібін және қорғаныс салаларын дамытуға бағыттауға мүмкіндік береді.
Салық өсімінің ықтимал инфляциялық әсері қысқа мерзімді болатынын және бір жыл ішінде таусылатынын атап өткен жөн. Қосымша инфляция 3 пайызға дейін болады деп күтіліп отыр", - деді ол.
Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысы салық реформасы туралы тілге тиек етіп, бір жағынан бизнеске қолайлы жағдай туғызып, бизнеске кедергі келтірмейтіндей, екінші жағынан салық саласында тәртіпті қалпына келтіріп, бюджет түсімдерін арттыруды қамтамасыз ететін оңтайлы шешімдер табуды тапсырған болатын.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Д. Литпин