Мемлекеттік кірістер комитеті қосылған құн салығы (ҚҚС) бойынша 300.00 декларациясын алдын ала толтыруға арналған пилоттық сервисті іске қосады., - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жаңа сервис салық төлеушілерге ҚҚС декларациясын толтыруды жеңілдетуге, есептелген салық сомаларын алдын ала көруге және қателерді азайтуға мүмкіндік береді. Бұл камералдық бақылау хабарламалары мен айыппұл санкцияларының туындау тәуекелін төмендетуге бағытталған.
Декларацияны алдын ала толтыру мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінде бар мәліметтер негізінде жүзеге асырылады, оның ішінде электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесі, салық төлеушілердің жеке шоттары және тауарларға арналған декларациялар қамтылады. Бұл есептік көрсеткіштерді автоматты түрде қалыптастыруға және адам факторының ықпалын азайтуға мүмкіндік береді.
Сервис аясында 300.00 нысанындағы 13 жолы автоматты түрде толтырылады, оларды қажет болған жағдайда пайдаланушы ұлғайту немесе азайту жағына қарай өз бетінше түзете алады.
ҚҚС бойынша декларацияны алдын ала толтыру сервисі 300.00 нысанын 2025 жылдың 4 тоқсаны үшін тапсыру кезінде қолжетімді болады.
Сервис пилоттық режимде іске қосылады. Оны жетілдіру бойынша ұсыныстар мен ескертулер @icna_review_bot Telegram-арнасы арқылы қабылданады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз