Соңғы кездері елімізде қосымша құн салығының (ҚҚС) мөлшерін көтеру жиі айтыла бастады. ҚҚС дегеніміз не және ол қалай есептеледі? Massaget.kz тілшісі анықтады.
Қосымша құн салығы (ҚҚС) - тауарлар мен қызметтер өндірісі, таралуы және сатылуы барысында әрбір кезеңде қосылған құнға салынатын салық түрі. ҚҚС-тың негізгі қағидасы - тауардың немесе қызметтің жалпы құнынан емес, тек қосылған құнына салық салу.
Қосымша құн салығы қалай жұмыс істейтінін экономист Ербосын Нұрмұхан түсіндірді.
"Бұл азаматтың сатып алған тауары мен көрген пайдасына қойылатын салық. Мысалы, өндіруші 10 мың теңгеге орындық өндірсе, оның 7 мың теңгесі қажетті материалға жұмсалса, 3 мың теңгесі пайдаға қалады. ҚҚС осы 3 мың теңгенің, яғни пайданың сомасына қойылады. Қосымша құн салығын соңғы сатып алушы арқалайды. Өнімді кім сатқанына қарамастан, сатушы да, өндіруші де ҚҚС-ты мемлекетке төлеп отырады", - деді ол.
1. Шығыс салығы = Сату бағасы × ҚҚС мөлшерлемесі.
Шығыс салығы - кәсіпорынның тауар немесе қызмет сатуынан алынатын салық сомасы.
2. Кіріс салығы = Шикізат немесе қызмет сатып алғанда төленген ҚҚС.
Кіріс салығы - кәсіпорынның шикізат немесе қызмет сатып алудағы ҚҚС сомасы.
3. Төленуге тиісті салық сомасы = Шығыс салығы - Кіріс салығы.
Бұл - кәсіпорынның мемлекетке төлеуі қажет ҚҚС сомасы.
Мысал ретінде қарастырайық:
Тағы бір мысал:
ҚҚС - мемлекет бюджетінің маңызды бөлігі. Ол денсаулық сақтау, білім беру және инфрақұрылым сияқты қоғамдық қажеттіліктерді қаржыландыруға жұмсалады.
Айта кетейік, бүгін Астанада өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында премьер-министр Олжас Бектенов елдегі қосымша құн салығының (ҚҚС) мөлшерлемесін көтеру қажет екенін айтты. Алайда Үкіметте ҚҚС мөлшері әлі анықталмаған.
Кейінірек ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин қосымша құн салығы (ҚҚС) мөлшерінің өсуі Қазақстандағы бағаға қалай әсер ететінін айтты.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!