КҚК-нің теңіз терминалында танкерге шабуыл жасалды: министрлік мәлімдеме жасады

Қазақстанның Энергетика министрлігі Каспий құбыр консорциумының теңіз терминалында болған жағдайға қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, 20 шілдеге қараған түні Каспий құбыр консорциумының теңіз терминалында мұнай тиеу жұмыстарын жүргізіп жатқан NELSA танкеріне ұшқышсыз ұшу аппараты шабуыл жасаған.

"Салдарынан өрт шыққан, дегенмен ол жедел сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, мұнай төгілуіне жол берілмеді. Қазір кеменің техникалық жай-күйі мен оқиғаның салдары бағаланып жатыр", - деп жазылған хабарламада.

Қазақстанның Энергетика министрлігі Каспий құбыр консорциумымен тұрақты байланыста екені айтылды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!