КҚК-ға шабуыл туралы жазбаларға байланысты тергеу басталды

КҚК-ға шабуыл туралы жазбаларға байланысты тергеу басталды
Фото: cpc.ru

Каспий құбыр консорциумына залал келуіне байланысты жағымсыз пікір айту дерегі бойынша соталды тергеп-тексеру басталды. Бұл туралы Бас прокурор Берік Асылов Мәжіліс депутаты Айдос Сарымның депуаттық сауалына берген жауабында мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"2025 жылғы 17 желтоқсанда Астана Полиция департаменті Каспий құбыр консорциумына залал келуіне байланысты азаматтар жағымсыз пікір айтқан дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 174-бабы 1-бөлігі (Ұлттық алауыздықты қоздыру) бойынша соталды тергеп-тексеруді бастады", - деп жазылған жауапта.

Мәліметке сүйенсек, соталды тергеп-тексеру барысында осы адамдарды анықтау жəне олардың кінəсін растайтын дəлел жинау бойынша тиісті шаралар жүргізіліп жатыр.

"Нəтижесі бойынша олардың əрекеті түпкілікті сараланып, шешім қабылданады", - деп жазылған жауапта.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget