Жұлдызды жұп Жазира мен Жанболаттың биыл отау құрғанына 27 жыл болған. Өнерлі отбасы "Жарқын жүздесу" бағдарламасында шаңырақты берік ұстаудың, махаббатты сақтаудың құпиясын бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жанболат Ербатыров жары екеуінің қиын кезеңнен бірге өткенін айтты.
"Екеуіміздің отау құрғанымызға - 27 жыл, ал танысқанымызға - 29 жыл болды. Жазира екеуіміз отбасы құрып, қиын кезеңнен бірге өттік. Сол ащы мен тұщыны бірге көргеннен болу керек, махаббатымыз сақталды. Маған осындай жар бергеніне шүкір. Жазираны бесіктегі баладан, еңкейген қартқа дейін жақсы көретінін білемін", - деді Жанболат Ербатыров.
Ал Жазира Байырбекова тұрмысқа шыққанда жолдасының ештеңе уәде етпегенін атап өтті.
"Жанболат кез келген уақытта мені сендіре алады, көндіре алады, тыңдата алады. Тұрмысқа шыққанда Жанболат ештеңе уәде етпеді. Оның анасын сыйлайтыны мені баурап алды. "Осындай азаматтан туған бала да мені сыйлайтын болады" деп ойладым", - деді ол.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!