Әнші Айжан Нұрмағамбетова Дина Төлепбергенге берген сұхбатында аналық өкінішін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әнші баласының қасында көп болмағанын, көбіне жұмыспен гастрольдерде жүргенін мойындады.
"Жас Айжанға балаңның қасында көбірек бол деп кеңес берер едім. Мен бала кішкентай болған кезде бір апта үйде, үш ай гастрольде жүретінмін. Сондай қиын кездер болды. Баламның ренішін де естідім. Ол 13 жасқа келгенде "сен атақ алып жүрген әншісің, бірақ еден жусаң да, қасымда қалғаныңды таңдайтын едім" дегені бар", - дейді танымал әнші.
Айжан Нұрмағамбетова өзінің де, күйеуінің де балаларына бірдей қарағанын айтты.
"Ата-ана балаларды таңдамайды, балалар ата-ананы таңдайды дегенді естідім. Егер солай болса, мен бақыттымын. Мені тек өз балам емес, күйеуімнің де балалары таңдады. Менде олардың мұрнын сүртуге де уақытым болған жоқ. Мен үздіксіз жұмыс істедім. Бірақ үшеуі де білім алды, барлығына той жасап бердік, кезінде барлығына көлік әпердім. Ал ары қарай әркім өз өмірін сүріп жатыр", - деді ол.
Бұған дейін Әнші Айжан Нұрмағамбетова жеке өмірі жайлы айтқан болатын.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!