Тележүргізуші Динара Сәтжан ұлы Даниялды әскерге шығарып салды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Динара Сәтжан ұлының құрметіне дастархан жайып, жақындарының басын қосты.
"Балам! Жаным! Біз сенімен мақтанамыз және сенің әскерге бару туралы шешіміңді қолдаймыз. Мұның оңай болмайтынын түсінеміз, қиынға соғары сөзсіз. Бірақ бұл сенің Отан алдындағы борышың. Бұл өмір мектебі. Әскерден кейін сені қазіргіден де мықты әрі батылырақ боласың. Сен онсыз ды күштісің және мұны кезекті мәрте дәледедің", – деп жазды Динара Сәтжан.
Динараның анасы жиен немересіне ақ жол тілеп шығарып салды. Даниял да әскерге аттанар алдында апасына ормал сыйлап, анасы екеуіне қымбат телефон тарту етті.
Айта кетейік, бұған дейін танымал тележүргізуші Динара Сәтжан өзінің қымбат киімінің бағасын айтып жұртты таңқалдырып еді. Оның бір көйлегі қанша тұрады? Сілтемеге өтіп оқи аласыз.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!