- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- “Қиын әрі ұзақ...
“Қиын әрі ұзақ жолмен келдім“. Танымал актриса Нұргүл Мыңғатова сырын айтты
Танымал актриса Нұрғүл Мыңғатова алғаш рет сұхбат беріп, жеке өмірі туралы айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Актриса жақында Late night show with Dinara Satzhan бағдарламасында қонақта болды. Тележүргізуші Динара Сәтжанның айтуынша, актриса сұхбат беруге өзі өтініш білдірген екен.
"Осы жолы өзім сұранып келдім. Бір жағынан демалысқа сәйкес келді, бір жағынан жолым түсті. Сіздің бағдарламаға келу әр өнер адамының арманы деп ойлаймын", - деді актриса бағдарламаның жүргізушісі Динара Сәтжанға.
Динара Сәтжан болса актрисадан қазіргі табысқа қалай қол жеткізгенін сұрады.
"Мен бұл табысқа өте ұзақ әрі қиын жолмен келдім. Мен өзім ауылда өстім ғой. Сонау Кеңес Одағының адамдарымыз деп айтуға болады. Кішкентай кезімнен армандап, ауылдан қалаға келіп, сәті түсті. Ақырындап армандарым орындала бастады. Қазіргі жетістігім бірінші -Алланың, екінші - көрермендердің арқасы. Көп қиындықтар кездесті, оңай болған жоқ", - деп ағынан жарылды актриса.
Нұргүл Мыңғатованың "енді өнерге қайтпаймын" деп жылап, бұл саладан біраз уақытқа кетіп қалған сәттері де болыпты.
"Қиналып-қиналып, таза өз еңбегіммен қазіргі күніме жеттім", - деп қорытындылады актриса сұраққа жауабын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Д. Ибраева