- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қиярдан маска жасауға...
Қиярдан маска жасауға бола ма? Дерматолог жауап берді
Қиярдан жасалған нәрлендіретін маска, айран немесе қаймақтан "крем", лимон шынырынан ағартатын сұйықтық. Мұндай халық әдістерін 2024 жылы қолдануға бола ма? Бұл сұраққа дәрігер-дерматолог Полет Ирина жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "mail.ru-ға" сілтеме жасап.
Маманның айтуынша, үй жағдайында азық-түлік, жеміс-жидек пен көкөністен қолдан жасайтын әртүрлі үй маскалары, тоник, кремдердің пайдасы жоқ, тіпті қауіпті. Азық-түлікті бетке жағуға жұмсағанша, азық ретінде тұтынсаңыз, пайдасы әлдеқайда көп болады.
"Қияр секілді түрлі азық-түліктен маска жасаудың қажеті жоқ. Әрине, өсімдік компоненттері, жеміс қышқылдары, ағартқыш фракциялар терінің күйіне пайдалы әсер етуі мүмкін. Бірақ бұл сығындылар косметиканың қосымша элементі ретінде ғана жұмыс істейді", - деді маман.
Дерматолог қияр немесе лимон қабығында тұрса, теріге енбейтінін түсіндірді. Өйткені, ондағы молекула тым үлкен, ал теріге өнім құрамындағы пайдалы затты өткізетін өткізгіш-молекула жоқ.
Сонымен қатар, мұндай халық әдістер әсер етпегенімен қоймай, аллергиялық байланыс дерматиті, күйік және қабыну бөртпесінің пайда болуына әкеп соқтыруы мүмкін.
"2024 жылы заманауи технологиялар дамыған заманда табиғи өнім зертханада синтезделген косметикаға қарағанда жақсырақ әсер етеді деп үміттену аңғалдық. Оның орнына, қияр мен қызанақты кесіп, қаймақ пен тұз қосып балғын салат жеген пайдалырақ. Ал десертке құлпынай жеп, лимон қосылған шай ішіңіз", - деді Полет Ирина.
Дәрігер маска, тоник, крем секілді косметика өінмдерін диетолог емес, косметолог таңдауы керек екенін ескертті.
Айта кетейік, бұған дейін бет күтіміне арналған құралдарды қандай ретпен қолдану керегі хабарланған болатын.
- Тазартатын құралдар;
- Тоник;
- Сарысулар (сыворотка);
- Көз айналасына арналған кремдер;
- Ылғалдандырушы крем;
- Ылғалдандырушы майлар;
- Күннен қорғайтын крем.
Тағы да оқи отырыңыздар: Керлинг ойынының ережелері қандай?
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Б. Жұмаділлә