Қияр 40 пайызға қымбаттады. Қазақстанда басқа қандай заттардың бағасы өсті?

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2024 жылғы қарашада тұтыну бағаларының өсу көрсеткіші 0,9 пайызды құрады. Бұл алдыңғы айдағы өсу көрсеткішімен пара-пар, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Десе де, кей азық-түлік бағасы 1,1 пайызға шарықтап кеткен. Ақылы қызметтер - 0,8 пайыз, азық-түлік емес тауарлар 0,7 пайызға жоғарылады.

Азық-түлік бағалары

Азық-түлік, оның ішінде қияр бағасы - 40,3 пайыз; қызанақ - 37,3; тәтті бұрыш - 15,5; пияз - 13,9; сарымсақ - 10,1; қырыққабат - 8,9; картоп - 6,2; апельсин - 4,8; лимон - 4,1; бидай ұны - 7,1; өсімдік майы - 2,6; макарон өнімдері - 1 пайыздан, нан - 0,5; сүт өнімдері 0,4 пайыз қымбаттады, күнбағыс майы 4 пайызға өсті, - делінген деректе.

Бағаның төмендеуі - күріш 2 пайыз, қант 1,9 пайыз, алма 0,7 пайыз, жармалар 0,4 пайызға төмендегі байқалған.

Ет өнімдері

Үй құсы - 2,5 пайыз, сиырдың шикі сүті мен бал - 0,9 пайыз, жылқы мен жұмыртқа - 0,6 пайызға қымбаттады, ал шошқа еті 0,4 пайыз арзандады.

Тариф бағалары

Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтердің едәуір өскені байқалады. Халық қараша айында суық суға - 11,4 пайыз, электр энергиясына - 3,4 пайыз, қоқыс шығаруға - 2,2 пайыз, орталықтан жылытуға 2,1 пайызға көп төлеген.

Байланыс қызметтерінің тарифтері және пошталық, курьерлік қызметтерінің тарифтері өзгеріссіз қалды, - делінген хабарламада.

Қазба байлықтар

2024 жылғы қарашада өткен аймен салыстырғанда өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындардың бағасы 0,9 пайыз жоғарылаған.

Баға металл кендері - 1,1 пайыз, табиғи газ - 0,8 пайыз, мұнай - 0,5 пайыз, көмір 0,2 пайыз жоғарылады. Мұнай өнімдерінен мазут – 3,7 пайыз, сұйытылған пропан және бутан 0,7 пайыз қымбаттады. Баға алюминийге - 7,4 пайыз, мырыш – 6,6 пайыз, қорғасын - 2,9 пайыз, асыл металдар – 2,5 пайыз, мыс - 1,3 пайыз жоғарылауы тіркелді делінген хабарламада.

Бағаның 0,7 пайызға төмендеуі - ферроқорытпаларда ғана тіркелген.

Қызметтер

Шинамонтаж қызметтері - 3 пайыз, монша қызметтері - 2,6 пайыз, шаштараздар мен сұлулық салондар қызметтері 1,2 пайыз қымбаттады.

Отын

Биылғы жылдың қараша айында бағаның өсуі отынға - 1,4 пайыз, тас көмірге 1 пайыз байқалды. Одан бөлек, смартфон - 9,8 пайыз, алтын неке сақинасы - 6,2 пайыз, киім және аяқкиім 0,9 пайыз қымбаттады.

Жалпы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы мемлекетпен реттеле ме? Бір бөлке нанның бағасы қанша теңге болу керек? Сауда және интеграция министрлігі жауап қатты. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!