Гастроэнтеролог Джозеф Салхаб кивиді жеудің ең пайдалы әдісін атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі championat.com сайтына сілтеме жасап.
Оның айтуынша, егер кивиді екіге бөліп, қабығын қалдырып, тек ішін жесеңіз онда жемісті дұрыс пайдаланбағаныңыз. Дәрігердің пікірінше, кивиді тұтастай, қабығымен жеген дұрыс.
"Егер кивиді сыртымен жесеңіз, 50 пайызға көп талшық және әлдеқайда көп дәрумендер мен қоректік заттар аласыз", - дейді сарапшы.
Дәрігер піскен жемістерді таңдауға кеңес берді, жеткілікті жұмсақ, қабығы таза болуы керек. Кивиді жемес бұрын жақсылап жуу керек. Жемісті қабығымен тілімдеп бөліп жеген ыңғайлырақ.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!