- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Қисық сырғаға қызыққан"....
"Қисық сырғаға қызыққан". Қызылордалық зергер бабалар жолын жалғап жүр
Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында тұратын Еркебұлан Медет жас та болса, бабалар жолымен зергерлік өнерді жалғап жүр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның "Сунақ ата" тауарлық белгісімен шығарған күміс әшекейлері көздің жауын алады. Кейіпкеріміздің арғы аталары осал болмаған. Ат әбзелдерін, ер-тоқымын күмістен жасаған көрінеді. Бірақ қанмен келген қасиет тәжірибемен ғана дамиды.
"2015 жылы Алматыда таныс жігіттің шеберханасында жұмыс істеп жүріп үйрендім. Оқу аяқталып, ауылға оралғасын жеке кәсіп ашуды ұйғардым", - деді Еркебұлан Медет.
Қолөнер шебері алғашқы туындысын күліп еске алды.
"Алғашқысы әрі ең сәтсізі сол еді. Қисық боп шықты. Қызығы сол, дүкен сөресіне қойған бойда өтіп кетіпті. Сатушы клиенттен оны неге ұнатқанын сұраған ғой. Сөйтсе, "көшірме емес екені көрініп тұр" депті. Осы оқиға қолөнерге қызығушылығымды арттыра түсті", - деді кейіпкеріміз.
Зергер жігіт керек металды Алматыдан алдырып жүр. Көп ұзамай алтынды да қолдануға ниетті.
Назерке Саниязова
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Қ. Әбілдәқызы