Ақтауда әйел кішкентай қыздың құлағынан алтын сырғасын шешіп алып кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lada.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға 29-шағынаудандағы үйлердің бірінің кіреберісінде болған.
Әлеуметтік желіде әйел орындықта отырған қызға жақындап келіп, баланың алтын сырғасын шешіп алып, кейін кетіп қалғаны көрінетін видео тарады. Анасының сөзінше, белгісіз әйел қызына сырғасы қисайып қалғанын, басқасын беретінін айтқан.
Полиция күдікті ұсталғанын, қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.
"Бұл дерек бойынша әйел анықталды, ол ұсталды. ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр", - деді полиция.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова