Танымал актер, әзілкеш Уәлибек Әбдірайымов отандық фильмге түсуге келісім беріп, алданып қалғанын кейін біліпті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Актер бұл туралы "Қызық times" бағдарламасында айтып берді. Оның айтуынша, "Кеттік бәрін таста" фильміне түсуге әзілкеш Қайрат Әділгерей ұсыныс білдірген. Алғашында ұсынысын қабыл алмағанымен, кейін көндіріп алған көрінеді.
Бұл туралы Қайрат Әділгерейдің өзі мойындады.
"Уәлибек Әбдірайымов - Қазақстандағы әзілдің атасы ғой. Кастинг директор бізге қалай да Уәлибек Әбдірайымовты осы киноға шақыру керек деді. Бірақ бұл оңай болмады. Бұл кісі осыған дейін қаншама кинодан бас тартқан ғой. Қалай келіскеніміз туралы сырды ашпай-ақ қояйын. Оны көндіру үшін барымызды салдық. Ағамыз сөзімізді жерге тастамады. Әлі күнге дейін рақмет айтамын", - деді Қайрат Әділгерей.
Алайда Уәлибек Әбдірайымов отандық туындыға түскеніне қатты риза емес сияқты. Ол өзінің алданып қалғанын алға тартты.
"Алғашында киноның сценарийі ұнады. "Құлдардың атаманы болып ойнайсыз" деді. "Былапыт сөздер, орысша сөздер жоқ па?" деп сұрадым. Ондай сөздер болмайтынын айтты. Жарайды деп келістім. Бірақ мен түскен жерлерде ғана болмапты ондай сөздер (күліп). Оңбағандар, мені алдап кетті. Мен бұл киноға бір сөз айтуға ғана бардым. "Шаншарда" хит болған сөзіме бола түсіріпті ғой. Бір сөз үшін ғана түсірді", - деді ол.
Еске салайық, бұған дейін Уәлибек Әбдірайымов Қайрат Нұртаспен қарым-қатынасы туралы айтқан болатын.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!