Кинодағыдай: мұғалімдер ЖИ көмегімен Томиристі қалай "тірілтті"?

Кинодағыдай: мұғалімдер ЖИ көмегімен Томиристі қалай "тірілтті"?
Фото: Видео кадры

Астанада өткен тамыз конференциясында ұстаздарға жасанды интеллектінің (ЖИ) көмегімен жасалған Томирис патшайым туралы видео көрсетілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ұстаздың сөзіне сенсек, жаңа технологиялардың көмегімен тарихты түсінікті және қарапайым тілде түсіндіруге болады.

"Сіздер жасанды интеллектінің көмегімен жасалған видеороликті көрдіңіздер. Мұнда Массагет патшайымы Томирис туралы баяндалады. Мұнда мені тарихи деректер мен сақтардың антропологиялық мәліметтері негізінде (жасанды интеллектінің) патшайымның бейнесін қалай көрсеткені таңғалдырды. Бұл видеороликті тарихшы, археолог, медиа сарапшы Нұрқожа Ерсайын жасаған. Оның мақсаты – тарихты қызық және бәріне түсінікті тілде жеткізу әрі тарихи фактілердің қазіргі жағдай қалай әсер еткенін түсіндіру", - деді дарынды қыз балаларға арналған "Білім-инновация" мектебі тарих пәнінің мұғалімі Аида Шакар.

@tulgalar.ai Тұмар ханшайым #tulgalar #derekkoz #baysa #тарихағай ♬ original sound - TARİHİ TŪLĞALAR

Аида Шакар. Видео кадры

Сондай-ақ, ол ЖИ арқылы оқушыларға қалай сабақты қалай түсіндіретінін айтып берді.

"Мен осы видеороликті көріп болғасын, мұғалім ретінде оқушыларды тарихты зерттеуге ынтасын қалай оята аламын деп ойландым. Осылайша, олардың дағдағысын дамытқым келді.
Сабақта жасанды жасанды интеллекті әртүрлі мақсатта пайдалануға болады. Мысалы, оқушыларға мотивация беру, сабаққа деген қызығушылықты ояту, тақырыпты қарапайым тілде түсіндіру. Мен жасанды интеллектіні презентация, тест жасауға, тапсырманы саралауға пайдаланамын", - деді мұғалім.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

А. Есен