- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Кинодағыдай". Ақмола облысында...
"Кинодағыдай". Ақмола облысында зергерлік дүкеннің еденін тесіп тонағандар ұсталды
Степногорскіде 180 миллион теңгеден аса сомаға зергерлік дүкенді тонағандар анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Криминалдық полиция басқармасы мен полиция басқармасының жедел қызметкерлері жүргізген арнайы операцияның нәтижесінде зергерлік дүкенді тонағандар анықталды.
Осы дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 188-бабы 4-бөлігі бойынша соталды тергеу басталды.
ПД басшылығының нұсқауы бойынша бірнеше жедел топ құрылып, Ақмола және көрші өңірлердің аумағында бірқатар жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілді.
Нәтижесінде елордада екі күдікті ұсталды. Олар - 1977 және 1988 жылы туған Астананың тұрғындары. Заттай дәлелдемелер, ұялы телефондар, байланыс құралдары және ұсталғандар мініп жүрген көлік тәркіленді.
Қазір қылмыстық істі тергеу жалғасып жатыр. Күдіктілер қамауға алынды.
Еске салайық, 1 мамырда белгісіз біреулер жертөле арқылы дүкенге кіріп, 180 миллион теңгеден аса сомаға зергерлік бұйымдарды ұрлап кеткен.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек