Танымал блогер Айжан Байзақованың сүйіктісі сөз салды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол бұл туралы Instagram-парақшасында жариялады.
Блогердің айтуынша, олар достарымен кино қарауды жоспарлаған. Тіпті бір құрбысы әдейі салонға әкелген.
"Кино болмады ғой", - деп жазды ол Instagram Stories-інде.
Бұдан екі жыл бұрын блогер жалған той өткізіп, пранк жасаған еді. Желі қолданушыларының бірі оны құттықтап жатса, енді бірі тағы пранк болып шықпаса екен дейді.
"Бақытты болсын! Сондай уайымдап едім", "Бәрімізге жұғысты болсын", "Күйеужігітті көрсететін сәт келген сияқты", "Бағың ашылсын", "Пранк болмаса болғаны", - деп жазған Желі қолданушылары.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!