“Кино әлемінен сәлем!“ Дина Төлепберген актриса ретінде қандай рөл сомдағанын айтты

“Кино әлемінен сәлем!“ Дина Төлепберген актриса ретінде қандай рөл сомдағанын айтты
Фото: instagram.com/dina_tolepbergen/

Танымал тележүргізуші, журналист Дина Төлепберген актрисалық жолға қалай келгені туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

"Кино әлемінен сәлем! Мен актриса болып кеттім бе? Алдыңғы стористе "өзіме ұқсайтын сияқтымын". Демек, менің кинодағы қазіргі образым "өзім" болғаны ма? Менің кинода сомдайтын рөлімді тез табу үшін мына детальдар көмек береді. Көзілдірік, буылған шаш үлгісі, классикалық киім", - деп жазды ол. 

Осылайша, актриса ретіндегі дебюті болуы мүмкін бірнеше нұсқа ұсынды. Оның қатарында "Қатал детектив болып ойнайсыз. Мектепке мұғалім боласыз. Дина Төлепберген болып ойнайсыз" деген нұсқалар бар. 

"Бір детальді айтпадым, оны айтсам, тез тауып аласыз ғой", - деп жазды журналист. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Д. Ибраева