- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Қиналған кезде қасымнан...
"Қиналған кезде қасымнан табылмады". Серікбол Сайлаубек бұрынғы әйелі туралы жан сырын ақтарды
Әнші Серікбол Сайлаубек бұрынғы әйелі туралы сұрақтарға жауап беріп, не себепті ажырасқанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Қиналған кезде қасыңнан табылмаған адам бәрі жақсы болған кезде қайтадан келсе, бұл дұрыс емес қой. Әйеліме "Болды, осымен қоя салайық енді" дедім. Мен "проходной двор" емеспін ғой. Келесің, кетесің. Намысым бар. Халық таниды", - деді ол журналист Аман Тасығанға берген ссұхбатында.
Әншінің сөзінше, ол қазір балаларымен жиі кездесіп, араласып тұрады.
"Ажырасты" деген құр сөз, бірақ былай қарым-қатынас бар ғой. Балаларға барып тұрамын, бірақ ол кісінің өмірінде шатағым жоқ. Балаларыммен қарым-қатынасым бар, барып алып кетемін. Күнделікті қыдырамыз, күнделікті дүкенге барып, кәдімгідей әке болып жүрмін. Бірақ енді ажырасты деген сөз ғой, әйтпесе байланыс бар, шайын-тамағын ішемін. (...) Суып кеттім мен. Өкпелі емеспін. Енді ол кезде карантин болды. Үйде бір-екі жылдай отырдық. Енді Талдықорғанда тұрғысы келмеген шығар. Мүмкін осы жақ қызық болған шығар. Енді әйел адамды түсінбейсің ғой, бірақ адам үйде, бір жерде отырып, тамақ жасап, кір жуа берсе де, одан да шаршайтын шығар. Оны да түсінуге болады. Өйткені ана болу да оңай емес, балалардың киімі бар, тамағы бар. Оны да түсінуге болады. Сосын мен "Көр енді. Өмір өзіңдікі, қолдан келгенше енді қолдаймын, жау емес қой, бөтен емес. Өйткені бұл өмірге қайта-қайта келе беретін сенің де уақытың жоқ шығар. Қалай ыңғайлы, көрсеңші. Өзіңді қинама" дедім", - деді әнші.
Серікбол Сайлаубек сонымен бірге "Балаларының болашағы үшін әйелімен қайта қосылуыңыз мүмкін бе?" деген сұраққа да жауап берген.
"Осындай сәтте кетіп қалғаннан кейін сенімсіздік болады. Келгенімен де, "Екінші рет біріншідей сенбейсің". Балалардың болашағы үшін жұмыс істеп жатырмын. Денсаулығым болмаса да, жұмыс әлі істеп жатырмын. Бәрі бала-шаға үшін ғой. Мен оны алып кетпеймін ғой, мен оны не істеймін? Бала-шағамның болашақта оқуы, Алматыда үйі, жағдайы болсын, әйтеуір біз көргенді осылар көрмесін деп, қазір мен оның бәрін бала-шағам үшін істеп жатқан жағдайым бар", - деді ол.
Айта кетейік, мұның алдында әнші Серікбол Сайлаубек көзінің көруі нашарлап, әйелімен ажырасқан сәтте қандай күйде болғанын айтқан еді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лұқпан