Маңғыстау облысы, Батыр ауылының 20 жастағы тұрғыны ұсталды. Жігіт кәмелетке толмаған қызға тиісті деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.
Бұл туралы 5-сынып оқушысының анасы айтты. Ол қызының біреумен үнемі WhatsApp арқылы хат алмасып тұратынын байқаған. Әйел қыздың телефонынан көптеген әдепсіз хабарлама тапқан. Белгісіз жігіт қызға киімсіз түскен суреттерін жіберуді өтінген.
Қыздың анасы өз қызының атынан бейтаныс жігітпен хат алмасып, оны кездесуге үйінің алдына шақырады. Сол кезде келген жігітті видеоға түсіріп алып, полиция шақырған.
Қазір тәртіп сақшылары жігіттің ниетін және оқушы қыздың телефон нөмірін қайдан алғанын анықтап жатыр.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!