- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Киіміне асылып қалған....
Киіміне асылып қалған. Генерал-майордың өліміне қатысты тың дерек шықты
Фото:
Тұрар Қазанғапов
6 тамызда генерал-майор Жайлаубек Халықұлы тергеу изоляторында қайтыс болған еді. ҚАЖК өкілі осы оқиғаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Elitar.kz.
Қайтыс болған генерал-майор Жайлаубек Халықұлы камерада тағы екі тергеудегілермен бірге отырған. Ведомство күдіктілер қандай қылмыс бойынша отырғанын нақтылаған жоқ.
"Жайлаубек Халықұлы киіміне асылып қалған", - деп түсіндірді ҚАЖК қызметкері.
Еске салайық, бұған дейін генерал-майор Жайлаубек Халықұлы тергеу изоляторында қайтыс болғаны хабарланған болатын. Кейінірек прокуратура тергеу изоляторында қайтыс болған генерал-майорға қатысты істі бақылауына алды.
Ж. Қадыржанова