Шамамен бір апта бұрын Алматыда 29 жастағы әйел балаларының көзінше өзіне қол жұмсады. Келіншек өз үйінде басқа тағатын орамалына асылып қалған. Куәгерлердің айтуынша, анасының суицид жасағанын 1 және 5 жасар кішкентей қыздары көріп, ештеңе түсінбей, жылай берген. Марқұм келіншек Қырғызстан азаматы екен. Қаза тапқан Айпері тірі кезінде тапсырысқа киім тігіп, бәліш пісіріп сатқан екен. Бұл туралы ол тірі кезінде Ильгиз Гарипов атты алматылық блогерге айтқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ильгиз Гарипов Айперімен Алматыдағы Президент паркінде кездесіп қалған. Блогер Айперіден қандай көмек керегін және ол немен айналысатынын сұраған.
"Үш қызым бар, үйде отырамын, декреттегі анамын. Мен негізі дизайнер, модельермін. Тігін машинасын сатып алғанмын. Бірақ оны бөліп төлеймін. Кейде клиенттер болмай қалады. Менің құры көшеде жүруімнен пайда болмайды. Көбірек ақша тапқым келді. Бәліш, шұжықша сатамын. Құры қол отырмаймын. Қазір паркте әрі қыдырып, әрі бәліш сатып жүрмін. Күйеуім "ұялмайсың ба?" деп сұрайды, жоқ, ұялмаймын. Бәрі халал өнім, еңбекпен жасалады. Ерлер мен әйелдерге арналған киім тігемін. Көршілерім тапсырыс береді, бірақ сонда да клиенттерім аз. Көбірек жұмыс істегім келеді", - деген екен Айпері.
@garipoof Продвигайте это видео как можно акттвнее ? Рабочий инстаграм аккаунт Айпиры: karimadress2023 Мой каспи: 4400430227940050 Ильгиз Г. #трогательно #историиизжизни #алматы #социальноевидео ♬ оригинальный звук - garipoof
Осылайша, блогер аздаған қор ашып, оқырмандарынан ақша жинап, Айперіге көмектесуді ұсынған. Видеоны көрген адамдар 30 мың теңгедей жинап берген. Ильгиз Гарипов жиналған қаржыға Айперінің балаларына жаялық және аздаған азық-түлік алып берген екен.
Айпері блогердің көмегінен кейін қатты қуанып кеткен. Ол Ильгиз Гариповтің бұған дейінгі видеосынан кейін әлеуметтік желідегі парақшасына көп адам жазылып, тапсырыс ала бастағанын айтқан екен.
@garipoof Распространите и поддержите видео активом ❤️? Инстаграм Айпери: @karimadress2023 Реквезиты для поддержки: kaspi 4400430227940050 сбер 4276060016904719
♬ оригинальный звук - garipoof
Өкінішке қарай, Айпері 20 шілдеде өз пәтерінен өлі табылды. Алматыдағы Мамыр шағынауданында өзіне қол жұмсау дерегі болғанын қоғам белсендісі Жібек Әменова әлеуметтік желіде хабарлады. Мәліметтер бойынша, үш баланың анасы балаларының көз алдында асылып қалған. Жазба авторының айтуынша, көршілері марқұмның бірнеше рет тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырағанын хабарлаған.
Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы "Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу" бойынша соталды тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін хабарлады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!