- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Киім тапсырыспен тігіледі"....
"Киім тапсырыспен тігіледі". Қостанай облысында бойы ұзын бойжеткен өмірі туралы айтты
Қостанай облысында бойы 2 метрден асатын бойжеткен тұрады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі kstnews.kz-ке сілтеме жасап.
Әулиекөл тұрғыны Аружан Ишанбекованың бойы 2 метрден асады. Ол 17 жаста, дене шынықтыру мамандығы бойынша жергілікті колледждің екінші курсында оқиды. Бойжеткен оқумен қатар, еріктілер қатарында.
"Отбасымызда 7 адамбыз, мен - бесінші баламын. Әкемнің де бойы ұзын. Оның бойы - 1 метр 95 сантиметр. Екі ағамның да бойы ұзын, бірақ ұзыны - мен", - дейді Аружан.
Қыз бойының ұзын болғанына еш қымсынбайды, бірақ кейде ыңғайсызданатынын мойындайды. Мысалы, киім таңдауда қиындыққа тап болады. Аружанға киім тапсырыспен тігіледі. Мектепте қыз бокс, волейбол мен шахмат секцияларына қатысады.
"Аружанның туған кездегі бойы 54 сантиметр, салмағы 5,8 келі болды. Қызым болашақта модель болғысы келеді. Біз де арманы орындалғанын қалаймыз. Рас, отбасы үшін қаржылық жағынан оңай емес. Мен үйде балаларды тәрбиелеп отырмын, ал әкесінің денсаулығы артық табыс табуға мүмкіндік бермейді", - дейді қыздың анасы Жаңагүл.
Айта кетейік, жақында Әулиекөлде болған қатты өрт кезінде эвакуацияланғандардың арасында Аружанның отбасы да бар.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек