• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

“Киімі жанып жатқан“. Шымкентте бес баланың әкесі құтқарылды

Фото: Видео кадры

Шымкенттегі көлік жуатын орында көпбалалы әке тірідей жанып кете жаздады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Полицейлер 5 баланың әкесінің өмірін сақтап қалды. Патрульдік экипаж арнайы жарық сигналды қондырғыны қардан тазарту үшін жақын маңдағы көлік жуу орталығына барған. 

Орталықта олардың шақыруына ешкім жауап қатпағандықтан, сақшылар орталық жұмысшыларын табу мақсатында ғимаратқа кіреді. Қалың түтінге толы бөлме ішінде киімі жанып, ес-түссіз жатқан адамды көріп, инспекторлар бірден көмекке кіріскен.

"Полицейлер азаматты сыртқа шығарып, өртті сөндіріп, жедел жәрдем шақырған. Көп ұзамай ер адам дәрігерлерге тапсырылды. Тәртіп сақшыларының жылдам әрекетінің арқасында қайғылы жағдайдың алды алынды. Өрт еденге құлаған ауа жылытқыштан шыққаны анықталды", - деп жазылған хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget