Солтүстік Корея шенеуніктері Ким Чен Ынның Covid пандемиясы кезінде "ауруға шалдыққанын" біліп, жылап жатқан сәтінің видеосы тарады, - деп хабарлайды The Sun.
Кадрларда Пхеньяндағы отырыста генерал мен медицина қызметкерлерінің жылап жатқаны көрінеді.
Солтүстік Корея басшысының қарындасы Ким Ё Чжон Оңтүстік Кореяны коронавирусты таратқаны үшін айыптады.
"Елде Covid инфекциясынан бар болғаны 74 адам қайтыс болған, бұл - әлемдік денсаулық сақтау қоғамдастығы тарихындағы бұрын-соңды болмаған керемет", - деді ол.
Ел әлі Covid инфекциясына қарсы ресми түрде екпе алған жоқ, бұл оның мәлімдемесіне күмән келтіреді.
Ким Ё Чжон Оңтүстік Кореяны "үгіт-насихат парақшалары" арқылы Covid індетін таратты деп айыптады.
"Ол қатты ауырып, дене қызуы көтерілгеніне қарамастан, ауруға шалдыққан басқа адамдарды ойлап, бір минутқа да жата алмады", - деді ол.
Ағасының ауруы туралы басқа мәлімдеме жасаған жоқ.