"Реал Мадрид" және Франция құрамасының шабуылшысы Мбаппе қыз зорлады деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға Килиан Мбаппе ұлттық құраманың матчтарын өткізіп, Стокгольмге демалуға келгенде болған деп жазды France Press. Спортшы келгеннен кейін бірнеше күн өткен соң полицияға Мбаппе тұрған қонақүйде зорлау туралы арыз келіп түскен.
Прокуратура күдіктілердің аты-жөнін жариялаудан бас тартты.
Швециялық басылымдардың мәліметінше, Килиан күдіктілердің бірі екені белгілі болған. Алайда франциялық футболшы бұл ақпараттың жалған екенін айтып, жоққа шығарды.
Полиция қонақүйде тексеру жүргізіп, тергеу жұмысын бастады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!