- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Киіктердің еті қазақстандықтарға...
Киіктердің еті қазақстандықтарға ғана сатылады - министр
Фото:
©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов
Қазір киіктің етін экспортқа шығаруға дайын емеспіз. Осыған байланысты оның еті тек елімізде сатылады. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Біз (киіктің етін - еск.) экспортқа шығаруға дайын емеспіз. Оны экспортқа шығару үшін ет комбинаты экспорттаушылар реестрінде болуы керек. Инфекция осында келіп, олар киіктің етін алатын-алмайтынын айтуы керек. Әзірше, киіктің еті Қазақстанда ғана сатылады", - деді министр Үкіметтің баспасөз орталығында.
Айдарбек Сапаровтың айтуынша, атылған киіктердің барлық мүйізі "Охотзоопром" мемлекеттік кәсіпорнына беріледі.
Аяз Есен
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!