Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров "Елімізде атылған киіктердің еті қайда сатылады?" деген сұраққа жауап бере алмады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, киіктерді ату ережесіне қатысты мәселеге Экология министрлігі жауап береді.
"Біз Ауыл шаруашылығы министрлігі ретінде ветеринарлық қауіпсіздікті қамтамасыз етеміз. Жақында ет комбинаты (киіктердің етін) сатады деген шешім қабылданды. Бұл жұмысқа "Охотзоопром" мемлекеттік кәсіпорны да жауап береді", - деді министр Үкіметтің баспасөз орталығында.
Бірақ Айдарбек Сапаров атылған киіктердің еті қайда сатылатынын айта алған жоқ.
"Біз 7 ет комбинатын анықтадық. Мұнда ветеринарлар бар. Олар (өнімнің сапасы) мен ветеринарлық қауіпсіздікке жауап береді. Киіктердің етін қайда сатамыз? Біз мониторинг жүргіземіз, қосымша ақпарат береміз", - деді ол.
Аяз Есен
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!