Киев пен Мәскеуде АҚШ президенті Дональд Трамптың соғысты дереу аяқтап, қантөгісті тоқтатуға шақыруына жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Украинаның Сыртқы істер министрі Андрей Сибига Киев Трамптың соғысты аяқтау қажеттілігі туралы "шешуші мәлімдемесін" құптайтынын айтты.
"Біз президент Трамптың мұндай шешуші мәлімдемелерін шынымен де құптаймыз. Және біз оның жеңімпаз болатынына сенеміз. Біз бұл соғысты тоқтату және ұзақ мерзімді әділ және жан-жақты бейбітшілікке қол жеткізу үшін дипломатиялық күштің жаңа динамикасын алуға қосымша мүмкіндігіміз бар деп санаймыз", - деді Сибига.
Украина СІМ басшысы Ресейге қысымды күшейту керегін және оны келіссөздер жүргізуге мәжбүрлеу қажеттілігін атап өтті.
"Бізге АҚШ-тың жетекшілігі керек. Бізге АҚШ-тың көбірек қатысқаны қажет", - деді ол.
Ал Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Мәскеу Трамп тарапынан санкциялар мен тарифтердің көтерілу қаупінен жаңа ештеңе көрмейді деп мәлімдеді.
"Біз бұл жерден ерекше жаңа элементтерді көріп тұрған жоқпыз. Трамп өзінің президенттігінің алғашқы итерациясында санкциялық әдістерге жиі жүгінді. Ол сондай әдістерді ұнатады. Десе де, біз, әрине, барлық мәлімдемелерді мұқият бақылап отырмыз", - деді Кремль өкілі.
Еске салайық, жақында АҚШ президенті Дональд Трамп егер Ресей мен Украина жақын арада бейбіт мәміле жасамаса, онда Ресейдің АҚШ-қа және басқа елдерге сататын барлық тауарларына "жоғары салықтар, баждар мен санкциялар салудан басқа амалы қалмайды" деп мәлімдеді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!